Қолыңыздағы «Сүлеймен би» атты кітап сонау XIX ғасырдың орта шені мен XX ғасырдың бас кезінде өмір сүрген атақты Төбе би, Қабанбай батырдың 4-ші ұрпағы Сүлеймен Әділбекұлының қоғамдық өмірін арқау етеді. Тарихи тұлғаның арғы тегі, ата-бабалары, сол замандағы қазақ өмірінің алмағайып күндері, әсіресе, қазақ елін екіге бөліп, қос бүйірден қыса түскен Ресей мен Қытайдың халқымыздың басына төндірген азапты қасіреті, оған қаһармандықпен қарсы тұрған халқымыздың ерлік күресі, сондай-ақ, ел бастаған көсемдері мен шешендерінің ісі өз дәуірінің жыр-аңыздарымен егіз өріліп, көркем кестеленеді.
Баспаға дайындағандар:
Пәрида Қанағатова
Төкен Шотанбеков