Главная
Произведения
Көптомдық шығармалар жинағы 7 - том
Көптомдық шығармалар жинағы 7 - том

Көрнекті жазушы, тарихшы, этнограф, фольклоршы Зейнолла Сәніктің көп томдық шығармалар жинағының бұл томына мәдениеттанушы, этнограф Жанат Зейноллақызымен бірігіп жазған «Қазақ этнографиясы» деп аталатын еңбегінің бірінші, екінші бөлімдері енгізілді. Кітапта этнография ғылымына қатысты түсінік беріліп, заттық этнография туралы кең ауқымды сөз болады. Автор қазақ халқының ұлттық болмысы мен мінезін шығу тегінен бастап өмірінің барлық саласын толық қамтыған. Сондай-ақ қазақ этносы туралы мәлімет беруімен қатар халықтың жаһандануға жұтылып кетпей ұлттық қасиетін сақтап қалуында этнография ғылымының қаншалықты маңызды екендігін атап көрсетеді. Бұл еңбек алғаш рет Бейжіңдегі «Ұлттар» баспасында (2012 жылы) басылған.

Кітап «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» қолдауымен жарық көрді

Издательство:
Зейнолла С. Көптомдық шығармалар жинағы / Зейнолла Сәнік. — Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2017. ISBN 978-601-7828-59-2 Т.7: Қазақ этнографиясы. — 448 б. ISBN 78-601-7828-66-0
Язык:
қазақша
Скачать книгу