Главная
Произведения
Көптомдық шығармалар жинағы 4 - том
Көптомдық шығармалар жинағы 4 - том

Көрнекті жазушы, тарихшы, этнограф, фольклоршы Зейнолла Сәніктің көп томдық шығармалар жинағының бұл томына белгілі шежіреші, өлкетанушы Бейсенғали Садықанұлымен бірігіп жазған батыр, қолбасы Қабанбай (Ерасыл) Қожақұлұлы жөніндегі «Қаракерей Қабанбай», «Қан батыр Қабанбай» атты екі бірдей өзара сабақтас тарихи эссесі енгізілді. XVII-XVIII ғасырдағы қазақ халқының Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық күресін ұйымдастырушылардың бірі, қолбасы Қабанбай Қожақұлұлы жайлы әр түрлі аңыз, әңгімелер, жыр-дастандар кезінде ұрпақтары көбірек қоныс тепкен Шыңжаң аймағына кең таралған. «Қаракерей Қабанбай» Қабанбай Қожақұлұлы жөніндегі тұңғыш зерттеу ретінде алғаш Үрімжідегі «Шыңжаң халық» баспасынан (1986 ж), кейін Алматыдағы «Жазушы» баспасынан (1991 ж) жарық көрген. 

Кітап «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» қолдауымен жарық көрді

Издательство:
Зейнолла С. Көптомдық шығармалар жинағы / Зейнолла Сәнік. — Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2017. ISBN 978-601-7828-56-1 Т.4: Қаракерей Қабанбай. Хан батыр Қабанбай. Тарихи эсселер. — 396 б. ISBN 978-601-7828-66-0
Язык:
қазақша
Скачать книгу