Бұл жинаққа белгілі жазушы, этнограф, баспагер Зейнолла Сәніктің өмірі мен шығармашылығына арналған естеліктер, мақалалар мен ғылыми зерттеулер енгізілді. Онда қаламгердің адами асыл қасиеті айшықталып, әртүрлі жанрдағы бай шығармашылық мұрасына әдеби-ғылыми тұрғыдан талдау жасалып, жаңаша ізденіспен баға берілген. Оқырмандар Зейнолла Сәніктің болмысы арқылы шетелдегі қазақ әдебиеті мен тарихи тұлғалар өмірінен тың мәліметтерге ие болады.
Бұл кітап «Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қорының» кітапхана сериясымен жарық көрді.
Құрастырушылар: Г.Құрманбаева, Ж.Сәленұлы